
2023 жылғы 19 шілдеде Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатын өткізу шеңберінде ерлер мен әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергілер арқылы жүгіру түрінен жарыстың бірінші кезеңі өтті.
Ерлер арасында бірінші орынды 16,05 секунд нәтижесімен шымкенттік Ильдар Ізбасаров, екінші орынды 26,00 секунд нәтижесімен ШҚО-дан келген Николай Буторин, үшінші орынды 33,66 секунд нәтижесімен ШҚО-дан келген Мақсат Романов иеленді.
Әйелдер арасында Алматы қаласынан келген Золба Оксана жеңімпаз атанды, оның нәтижесі 16,60 секундты құрады. Екінші орынды Астанадан келген 17,75 секунд нәтижесімен Серікханова Алла алды. Үшінші орынды Тұрсын Айдана иеленді, ол 20,44 секундта кедергілер бар жолақты еңсерді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі