
Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін "2023 жылдың І жартыжылдығындағы Департаменттің жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары туралы"тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында департамент басшысы Павлодар қаласында үш өрт сөндіру бөлімі орналасқан: № 1 МӨСБ мамандандырылған өрт сөндірі бөлімі және екі өрт сөндіру бөлімшесі ӨСБ-3 және ӨСБ-4. Қызмет көрсету радиусы нормативтік мәндерден бірнеше есе асады деп атап өтті.
Бөлімшелердің оқиға орнына келу уақытын 8-10 минутқа дейін төмендету үшін қосымша 7 өрт сөндіру депосы, оның ішінде облыс орталығындағы 5 өрт сөндіру депосы (Усолский, Достық, Восточный, Зеленстрой шағын аудандары, Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданы), қаланың елді мекендеріндегі 2 өрт сөндіру депосы (Кенжекөл және Павлодар ауылдары) талап етіледі.
Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен Усольский шағын ауданында өрт сөндіру депосын салу бойынша іс-шара жүзеге асырылуда. Жобаны 2024-2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Жаңа депоның орналасқан жері кездейсоқ таңдалмаған, ол жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру бөлімдерінен ең алыс шағын ауданды қамтиды.
Павлодардың оңтүстік бөлігінің қоныстану аймағын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Достық" шағын ауданының жаппай салынуына байланысты 6 автомобильге арналған өрт депосын салу үшін учаске бөлінді. Құрылыс басталғанға дейін жер учаскесі меншік құқығын рәсімдеу рәсімінен өтуі керек.
Бұдан басқа, Хромзавод ауданында техникалық жабдықтау ғимараттарының кешенін қайта жаңарту жүргізіледі. ТЖМ-ден жабдықтар мен жеке құрам бөлінетін болады. Бұл облыс орталығының тұрғындарын өрт сөндіру бөлімшелерімен қамту аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Қала маңындағы Кенжекөл ауылы да қамтылады. Елді мекен өте перспективалы және тұрақты өсіп келеді, сондықтан өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында 4 автокөлікке арналған өрт депосын салу қажет. 2024 жылы Павлодар ауылында 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу үшін жер учаскесін бөлу қажеттілігі туралы мәселе қаралатын болады.
Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы