
Абай облысының тұрғындарымен кездесу барысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өңірдің сейсмикалық қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.
Облыстың 8 ауданында: Семей қаласында, Аягөз, Абай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар, Ақсуат аудандарында 50-ден астам елді мекен жер сілкінісіне бейім. Бұл елді мекендерде 450 мыңнан астам адам тұрады.
«Сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі жол картасы шеңберінде Қарауыл және Бестерек ауылдарында сейсмодатчиктер орнатылды, егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастырудың облыстық картасы әзірленді. Сонымен қатар облыс бойынша 7 сейсмикалық станция жұмыс істейді. Халыққа жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету үшін жыл сайын сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Биыл 750-ден астам жаттығу өткізілді», - деа Сырым Шәріпханов айтты.
Сейсмикалық қауіпсіздік туралы айта келе, ТЖ министрі өңір басшысына жүгініп, тұрғын үй қорын түгендеу және объектілерді кейіннен сейсмикалық күшейту үшін паспорттау қажеттігі туралы айтты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі