Сырым Шәріпханов өңірдегі сел шығарындыларынан халықты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді

Сырым Шәріпханов өңірдегі сел шығарындыларынан халықты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысының тұрғындарымен кездесуде өңірдегі сел шығарындыларынан халықты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Сырым Шәріпханов атап өткендей, облыстың Көкпекті, Үржар және Ақсуат аудандарында 13 сел қауіпті учаске бар.

Халықты сел шығарындыларынан қорғау үшін жыл сайын аэровизуалды және жердегі зерттеулер жүргізіледі, қауіпті аймақтарда орналасқан жергілікті тұрғындарға хабарламалар мен ұсынымдар беріледі, қалқандар мен ескерту белгілері орнатылады.

«Қазір әкімдікпен бірлесіп сел ағынын болдырмау үшін Қызыл-кесік, Науалы және Көкпекті елді мекендерінің маңында қорғаныс бөгеттерін салу бойынша мәселе шешілуде», - деп Сырым Шәріпханов толықтырды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл сел шығарындылары тіркелген жоқ.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі