
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов және облыстық ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Катпанов Шет ауданындағы табиғи өрт ошағына әуеден визуалды тексеру жүргізді.
Ұшу барысында өртенген таулы-дала аумағының ауданы нақтыланды, ол 870 га құрады, оның ішінде алдын ала 116,1 га орман шаруашылығының аумағы (нақты ауданы анықталуда). Аумақтың көп бөлігі 850 га сөндірілді.
20 га аумағында қалған аумақта өртті сөндіру ТЖ департаментінен, Ақтоғай, Қарағанды және Қу орман шаруашылықтарынан, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құралымдарынан 153 адам және 24 бірлік техникасы күшімен жалғасуда.
Өртті сөндіру күрделі таулы жермен, қураған ағаштың болуымен, ауа температурасының жоғарылауымен және қатты желмен қиындайды.
Еске салайық, Талды ауылдық округіндегі тау жотасының аумағында өрттің «Ақтоғай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ орман шетіне өтуімен құрғақ шөптің өртенуі орын алған болатын.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Қарағанды облысында 5 дала жануы жойылды.
Бұқар-Жырау ауданының Үштөбе ауылдық округінде 30 гектар аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды.
Шет ауданында Ортау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы 40 га алаңда, ал Шет ауданының Краснополян ауылдық округінде 5 га алаңда жойылды.
Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округінде өрт аумағы 10 гектарды құрады.
Осакаров ауданының Тельман ауылдық округінде 40 га аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды, оның 30 гектары Ақмола облысында.
Өрттер Қарағанды облысының ТЖД, ерікті өртке қарсы құралымдардың, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің және орман шаруашылығының күштерімен жойылды.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады!
Отпен абай болыңыз!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі