2023 жылғы 18 шілдеде Петропавл қаласында СҚО ТЖ департаменті бастығының кубогына арналған шағын футболдан республикалық турнир басталды. Жарыстарға Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерінің командалары қатысуда.
Турнирдің мақсаты - қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, футболды спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.
А.Винокуров атындағы спорт сарайында өткен іс-шараның салтанатты ашылуында СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов қонақтар мен турнир қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ жүйесінде маңызды спорттық іс-шараға қаысушыларды СҚО әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Әлдіменов және азаматтық қорғау органдарының ардагерлер кеңесінің өкілі Ерік Мәжітов құттықтады. Олар турнирге қатысушылар өз бөлімшелерін лайықты көрсете отырып, жоғары спорттық нәтижелерді көрсететініне, үздіктердің тәжірибесін қабылдай отырып, кәсіби дағдыларымен алмасатынына сенім білдірді.
Турнир дөңгелек жүйеде өтті. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД командаларының ойынынан басталып, бірінші команданың жеңісімен аяқталған. Содан кейін Қостанай және Павлодар облыстарының ТЖД командаларының матчы өтті, онда павлодарлықтар жеңімпаз атанды. Ақмола облысы ТЖД командасы мен Қарағанды облысы ТЖД арасындағы футбол кортындағы жарыс ақмолалықтардың жеңісімен аяқталды. Астана қаласы ТЖД командасы мен Қостанай облысы ТЖД арасындағы футбол ойынында елордалық қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Турнирдің финалында кім мықты болатынын жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы анықтайды.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы