Қарағанды облысында Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіру 33,9 га аумақта «Ақтоғай орман қорғау» КММ 4 орамындағы орман шетіне өрттің өтуімен жалғасуда. Жалпы жану алаңы алдын ала 150 гектарды құрайды, оның 120-130 гектары сөндірілді. 20-30 гектар аумақта өртті сөндіру жалғасуда.
Өртті сөндіру қураған ағаштың болуымен, күрделі таулы жермен, ошақтардың бөлшектенуімен, су көздерінің алыстығымен, өрт орнына кіру жолдардың болмауы және құбылмалы желмен қиындады.
Қиындықтарға қарамастан, өрттің жиектері сөндірілді, ашық жану жоқ, шағын аумақтарда бықсу орын алуда. Тартылған күштер жартастар арасындағы қалың қураған жерлерді сөндіруде.
Өртті сөндіруге бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды, ол өрт ошақтарына 24 рет көлемі 72 тонна су төкті. Өртті сөндіруге жалпы Төтенше жағдайлар департаментінен, Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығынан, Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығынан, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінен және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 139 адам мен 20 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Қарағанды облысының ТЖД мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 3 дала өрті сөндірілді.
Осакаров ауданына қарсты Озерное ауылдық округінде Озерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Бұқар-Жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды.
Бұқар-Жырау ауданы Ботақара ауылдық округінде Ботақара ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптер мен қоқыстарды ашық жерде, ғимараттардың жанында жағуға, қалың тоғайларда, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыздар. Отпен абай болыңыздар!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі