Шымкент қаласы ТЖ департаментінің диспетчерлік қызметінің "101" пультіне 17 шілдеде сағат 15.24-те Әл-Фараби ауданы Төлеби көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнында 150 ш. м. алаңда екі қабатты "Темірлан" тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 ш. м. алаңда жапсарла соғылған қойма жанған. Өрттің жалпы ауданы 800 ш. м. құрады.
Өрт орнынан өрт сөндірушілер 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 адамы мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызметтер және 6 бірлік техника су тасымалдауды қамтамасыз етті.
Психологиялық қызмет тобының психолог мамандары халыққа көмек көрсетті.
Өрт сағат 16.45-те оқшауланды, сағат 17.38-де жойылды.
Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері белгіленеді.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы