
2023 жылғы 17 шілде күні сағат 14.20-да 112 пультіне Орал қаласы Жунисов көшесі 184 үйде баланың кір жуғыш машинаның барабанына (жартылай автоматты) қыстырылып қалғаны жөнінде хабарлама түскен болатын.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2021 жылы туған балақайды машина барабанынан арнайы құралдардың көмегімен шығарып, ата-анасына табыстады.
Кішкентай бөбекке алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс сағат 15.00-де аяқталды.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі