
Демалыс күндері ыстық болды. Бүкіл Алматы өңірі Қапшағай су қоймасына жөңелді, барлық блогерлер пабликтары Алматыдан Қонаевқа кептеліске толы.
Бірақ құтқарушылар қызметін жоғары деңгейде атқарды! Демалыс күндері профилактикалық патрульдердің арқасында 24 адам құтқарылды, оның 7-і балалар.
Профилактикалық патрульдеу түнгі уақытта полиция қызметкерлерін, еріктілерді тарта отырып жүргізілді. Түнгі патрульдеу кезінде 00-30 сағаттан кейін демалыс күндері 120-дан астам шомылушылар табылды. Барлығымен шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулық өткізілді. Түнде шомылу көрінудің нашарлығына байланысты суға бату қаупін бірнеше есе арттырады, сонымен қатар түнде су салқындай бастайды. Судың төмен температурасында адам ұстамаларға бейім, бұл қорқынышты салдарға әкелуі мүмкін.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі