Өрт сөндірушілер «Эталон газ» газ кұю бекетіндегі өртті сөндірді

Өрт сөндірушілер «Эталон газ» газ кұю бекетіндегі өртті сөндірді

2023 жылғы 17 шілдеде сағат 00.07-де 112 құтқару қызметіне Қобда ауданындағы Самара-Шымкент тас жолының 616 шақырымында Қобда кентінен Ақтөбе қаласына қарай 7 км жерде «Эталон газ» газ құю станциясының жерасты резервуарын газ тасығышпен толтыру кезінде резервуардан және газ тасығыштың артқы жағынан газ жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өртті сөндіруге 24-тен астам өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника дереу жұмылдырылды.

Сонымен қатар оқиға орнында ТЖД басшылығы болып жағдайды бақылап, өрттің дер кезінде жойылуын қадағалады.

Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа обьектілерге таралмай, өрттен 20 тонналық бензин таситын машина мен жанында тұрған газель құтқарылды.

Өрт сағат 01:50-де оқшауланып, 02:15-те сөндірілді.

Зардап шекккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы