2023 жылғы 16 шілдеде Алакөл ауданының Ақши ауылында Алакөл көлінде катамаранмен серуендеп жүріп қыз жағадан 2,5 км қашықтыққа жүзіп кеткен.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, катамаранды жағаға сүйреп шығарды. Катамаранда қыз жалғыз болған, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖД құтқарушылары азаматтардан судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі