Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары су сору жұмыстарын жүргізуде

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары су сору жұмыстарын жүргізуде

 

2023 жылғы 16 шілдеде толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларына су кіру жағдайлары орын алды.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдар және "Батыс су арнасы" ЖШС бірлесіп, су сору жұмыстарын жүргізуде.

Орал қаласы, Казталов, Тасқала және Бәйтерек аудандары бойынша 26 шақырту түсті, оның ішінде 2 әлеуметтік нысан (облыстық көпбейінді балалар ауруханасы және облыстық арнайы мектеп-интернаты).

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.

Алдағы үш күн ішінде көп көдемде жауын-шашын және найзағай түсуі күтілуде. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- ғимараттарда электр қуатынан болуы мүмкін өрттердің алын алу шаралары;
- найзағай тартқыштардың болуын, электр элементтерін жерге тұйықталуын қамтамасыз ету;
- су басу қаупі бар аумақтарда суды бағыттау жыраларын дайындау;
- тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;
- найзағай ойнауы кезінде электр сымдарына, найзағай тартқыштарға, антенналарға жақындамау;
- теледидар, радио және басқ да электр бұйымдарын мүмкіндігінше сөндіріп қою;
- балалардың мүмкіндігінше үйде болуын қадағалау, олардың электр трансформаторларының маңында ойнауға тыйым салу;
- адамдардың су айдындарында шомылуына тыйым салу.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі