2023 жылғы 15 шілдеде сағат 17.50-де профилактикалық патрульдеу кезінде Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 2 ересек пен 6 баланы құтқарды, олар катамаранмен жүзіп, жағадан бір шақырымдай қашықтыққа алыстап, өз бетінше орала алмады.
Құтқарушылар уақытында адамдары бар катамаранды байқап, дереу оқиға орнына барды. Келгеннен кейін катамаранның суға толғаны және адамдары үрейленгені анықталды. Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында құтқару шаралары жүргізілді. Екі жүзу құралының және төрт құтқарушының күшімен 8 адам құтқарылды, олар 1988 және 1989 жылы туған екі ересек адам, сондай-ақ, 2010 жылы туған 2 бала және 2011, 2012, 2013, 2015 жылдары туған балалар. Бүкіл отбасы жағаға жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі