Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында Абай облысында орман өрті оқшаулауланды

Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында Абай облысында орман өрті оқшаулауланды

 

Қазіргі уақытта өрттің шетін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өрт орнында, Абай облысының ТЖД және ТЖ министрлігінде жедел штабтар өз жұмыстарын жалғастыруда.
Сөндіруге 130-дан астам адам, сондай-ақ 30-ға жуық техника мен 1 Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды. Өртті сөндіру ауа-райының қолайсыздығымен қиындады: жоғары ауа температурасы, қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ тұзды және батпақты жерлер.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерінің ыстық ауа-райына қарамастан отпен күресіп жатқан үйлесімді іс-қимылдары мен жанқиярлық ерлігінің арқасында елді мекендерді өрттен қорғап, қысқа мерзімде оқшаулауға қол жеткізілді.
Өрттің алдын ала ауданы 350 гектарды құрайды. Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауда.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 15 шілдеде "Семей орманы" табиғи резерватының аумағында орман жабылған аймақ өртенді.
Аудан әкімінің шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.