Өрт сөндірушілердің күшімен Баянауыл ұлттық саябағында қураған шөптің жануы оқшауланды

Өрт сөндірушілердің күшімен Баянауыл ұлттық саябағында қураған шөптің жануы оқшауланды

14 шілдеде Қызылтау ауылынан 12-45 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөптің жануы орын алды. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша жанудың болжамды ауданы 800 га құрайды.

Өрт "БГНПП" РММ аумағына өтті (Долба орманшылығы, 115, 117, 118 кварталдар) және сол жерде 20 га аумақты қамтыды.

ТЖД-ның тартылған күштері мен құралдарын ескере отырып, жануды оқшаулауға мүмкіндік туды.

Жалпы алғанда, жануға қарсы күреске облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құралымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы қатысады.

ТЖД қызметкерлері барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, әсіресе орман және ауыл шаруашылығы аудандарында. Өрт анықталған жағдайда ол туралы шұғыл қызметтің нөмірі бойынша немесе жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлаңыз.