Ақтөбе су қоймасы ортасында катамаран су көлігі сынып қалғаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті. Катамаранда 2 адам болған.
Жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар күшімен 18 және 23 жастағы екі ер адам құтқарылып, катамаран ағыстан жағаға шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбелік құтқарушылар су айдындарында күнделікті рейд кезінде демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді!
егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
-суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.
Баспасөз қызметі Ақтөбе облысы ТЖД