Талғар құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Талғар құтқарушылары тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Жаздың ыстық күндері басталуымен тұрғындар су қоймаларына асығады. Жыл сайын су қоймаларында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан адамдар қаза болады. Судағы адамдардың өлімінің негізгі себептері-қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін өрескел бұзу, өзіне деген сенімділік, қорқыныш, жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу және т. б.

Күн сайын құтқарушылар, полицейлер, еріктілер және жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлері тұрғындарға шомылуға рұқсат етілген орындар туралы хабардар етіп, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы шомылу кезеңінен қауіпсіз өтуді белсенді жүргізетін рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Рейдтік іс-шаралардың барысында Полиция басқармасымен бірлесіп 28 әкімшілік хаттама жасалды (364-бап Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу).

Шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Шомылудан бұрын көлеңкеде 5-10 минут күткен дұрыс. 20 минуттан артық жүзуге болмайды. Қатты салқындаған кезде құрысулар пайда болуы мүмкін, тыныс алудың тоқтауы, есінен тану мүмкін. Қызып кету қаупі болмай жатып, таңертеңгі уақытта шомылған жақсы. Ешқашан жабдықталмаған жерлерде секіруге болмайды: басыңызды тасқа немесе басқа затқа соғып алу қаупі бар. Алысқа жүзбеңіз, өйткені сіз өз күшіңізді есептей алмайсыз. Шаршауды сезінгеннен кейін, абдырап қалмай, жағаға тезірек жүзуге ұмтылмаңыз. Суда кішкене демалып, арқаңыздан жатып, қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың жеңіл қозғалыстарымен өзіңізді су бетінде ұстаңыз.

Егер ағыс басып алса, онымен күресуге тырыспаңыз. Төмен қарай жүзіп, біртіндеп жағаға жақындаңыз. Егер құйынға түссеңіз, өкпеңізге көбірек ауа алыңыз, суға кіріп, күшті серпіліс жасағаннан кейін қалқып шығыңыз. Арнайы белгіленген жерлерде шомылу керек, қайықтар мен катерлерге жақын жүзбеуіңіз керек, суда ойындарға жол бермеңіз, жалған дабыл бермеңіз.

Тыйм салынады: камераларда, тақталарда жүзу, бейтаныс жерлерде, қайықтардан, тік жағалаулардан, айлақтардан суға сүңгу, суға шомылушылардың денсаулығына қауіпті кесетін, өткір заттарды лақтыруға болмайды. Шомылу кезінде алкогольді ішуге болмайды және ешбір жағдайда кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі