
Жаз мезгілі мен ауа-райын ескере отырып, лагерлердің өртке қарсы жағдайына көп көңіл бөлінеді. Талғар ауданында 5 балалар жазғы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Олардың едәуір бөлігі қаладан тыс жерлерде, соның ішінде орманды-дала аймақтарында және таулы жерлерде орналасқан. Талғар ауданының аумағында орналасқан "Спутник" және "Маралсай" балалар сауықтыру лагерлерінде "Қауіпсіз демалыс"акциясы өткізілді. Бұл акция балалардың судағы мінез-құлық қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне, өрт кезіндегі әрекеттерге және басқа да төтенше жағдайларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері балаларға, кеңесшілерге және лагерь басшылығына суда шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керектігін жеткізді, сонымен қатар суреттер байқауы өткізілді. Балалар белсенді сұрақтар қойып, құтқарушылардың жұмысына деген қызығушылықтарын көрсетті. Сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап ала отырып, құнды білім алды. Іс-шараға барлығы 500-ге жуық балалар мен лагерь қызметкерлері қатысты.
Мұндай іс – шаралардың мақсаты - балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың демалыста қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыту. Құтқарушылар мұндай практикалық сабақтардан кейін балалар психологиялық тұрғыдан тұрақты және кез-келген төтенше жағдайларға дайын болады деп санайды. Бұл жұмыс балалар лагерьлеріндегі жазғы демалыс кезінде жалғасатын болады.
Алматы облысының ТЖД өңір тұрғындарынан тыйым салынған орындарға шомылмауды, балаларды қараусыз қалдырмауды, орнатылған қалқымалар мен арнайы қоршаулардан тыс жүзбеуді сұрайды, сондай-ақ балаларға сіріңкелермен және жарылғыш пиротехникамен ойнауға, электр аспаптарын өз бетінше қосуға, табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға болмайтынын еске салады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі