Алматы қаласы ТЖД өрт қауіпті кезеңінде алдын алу шараларын күшейтті

Алматы қаласы ТЖД өрт қауіпті кезеңінде алдын алу шараларын күшейтті

Орманда 120-дан астам от жағу оқиғалары тоқтатылды, орман, тоғайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 4 млн.теңгеден астам 84 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дауылды ескертулерге сәйкес, Алматы қаласы ТЖД 14 шілдеде ауа температурасы 35-37 градуста жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлайды.

ТЖД төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

- тауға демалу кезінде от жақпау, тұтанған темекі, жанған шырпы қалдықтарын тастамау;

-балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан  бала есінен танып қалуы мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарын   күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз!

Демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен Алматы қ. ТЖД бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізеді.

 

Бүгінгі таңда 81 рейд жүзеге асырылды, демалушыларға 6 мыңнан астам жадынама табысталып, 120-дан астам от жағу оқиғалары тоқтатылды, жалпы 4 млн.теңгеден астам сомаға 84 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Алматы қ. ТЖД  

Баспасөз қызметі