Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жанған қамысты сөндіру жалғасуда.
Аэровизуальды барлау қорытындысы бойынша мемлекеттік табиғи парктің ақпараты бойынша алдын ала жану алаңы 180 га құрады.
Жануды сөндіруге ТЖ департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына көлемі 141 тонна 47 су ағызу жүзеге асырылды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі