Алматылық құтқарушылар күнделікті судағы тексерулерді жүргізуде

Алматылық құтқарушылар күнделікті судағы тексерулерді жүргізуде

Алматы қаласында ыстық күндер басталды, ауа температурасы 35-45 градусқа дейін көтерілді, қала халқы сергіту үшін суға түсуге тырысады, осылайша судағы қауіпсіздік шараларын ұмытады.

Сонымен, Алматы құтқарушылары жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін күн сайын қала су айдындарының қауіпті учаскелерінде бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіп, демалушы халыққа судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін түсіндіріп, оқыту жадына-буклеттерін табыстайды.

Рейдтер барысында жалпы су пайдалану және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылар тартылады, тек ағымдағы жылдың маусым айында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 364-бабы бойынша ескерту түрінде 13 адам, 440-бап бойынша айыппұл түрінде 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті сізді су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға болмайды;

- егер сіз жүзе алмасаңыз, белден жоғары суға түспеңіз;

- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;

- мас күйінде шомылмаңыз;

- түнгі уақытта шомылмаңыз.

 

Алматы қаласы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы