
2023 жылдың 13 шілде күні "Пристань" қалалық жағажайының аумағында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Қауіпсіз жаз" костюмдік акциясын өткізді, онда судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Акция барысында балалардың назарын аудару үшін құтқарушылар қарақшылардың костюмдерін киіп, үгіт материалдарды таратып демалушыларды қауіпсіз демалуға шақырды.
Осы уақытта Семей қаласының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ересектер мен балаларға суға батып бара жатқан адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын үйретті. Жоспар бойынша демалушылардың бірі жағадан алыс жүзіп, суға бата бастады. Құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға қайықпен жүзіп, жағаға жеткізіп, медицина қызметкері реанимациялық шаралар жүргізді.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады:
- егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
- жүзу шекаралары белгілнген қалтқылардан асып жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
- қараңғы уақытта суға түспеңіз және шомылмаңыз;
- алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде суға түспеңіз.
Есіңізде болсын! Су қателікті кешірмейді!
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі