ТЖМ-да өртті сөндіру және жедел штабтардың жұмысы мәселелері талқыланды

ТЖМ-да өртті сөндіру және жедел штабтардың жұмысы мәселелері талқыланды

Алқа отырысы аясында ТЖМ-да Төтенше жағдайлар бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаевтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында өрт сөндіру тактикасы мен әдістерін жетілдіру, республикалық және облыстық жедел штабтарды қалыптастыру және олардың жұмысы талқыланды.

ТЖМ өртке қарсы қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеттерінің, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаментінің басшылары баяндама жасады. Сонымен қатар, бірқатар өңірлік ТЖ департаменттерінің бастықтары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша бірінші вице-министр өртті сөндірудің заманауи әдістері мен тактикасын қолдануға, өрттің алдын алуға және санын азайтуға нақты тапсырмалар берді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі