«Глашаны» құтқару операциясы

«Глашаны» құтқару операциясы

ШҚО ТЖД,  Өскемен қаласының ТЖБ құтқарушылары, еріктілер, ҚР Қызыл

Жарты Ай ШҚ филиалының өкілдері су айдындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға бағытталған, жазғы ерекше акцияны ұйымдастырды.

Қаланың жағажайларының бірінде  ТЖ қызметінің қызметкерлері суда адам батып бара жатқан жағдайды жасады. Суға батушының ролін «Глаша» манекені орындады. Демалушылардың міндеті «Глашаны» судан шығарып, алғашқы көмекті сауатты түрде көрсету болды.

Оқыту акциясы барысында ШҚО ТЖД мамандары азаматтардың құтқару шеңберін және «Александров түйінін» қалай қолданатындығын, судан адамды шығару әдісін білуін, және де зардап шегушіге көрсететін реанимациялық әдісінің білуін тексерді.

Өз күштерін тексеріп көргісі келетіндер көп болды. Кәсіби сүңгуірлер мен құтқарушылар, ҚР Қызыл Жарты Ай ШҚ филиалының еріктілері жіберген қателіктерін көрсетті.

«Акция су айдындарда қауіпсіздік шараларын сақтауға аса назар аударуға бағытталған. Шұғыл жағдайда өзін-өзі ұстауға халықты оқыту. Біздің өңірде суға шомылуға рұқсат етілген 22 орын бар. Азаматтарға құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қарамауды және суға шомылу үшін  тек жабдықталған жағажайларды таңдауды ұсынамыз»,- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі