Селге қауіпті кезеңнің басталуына байланысты «Қазселденқорғау» ММ мамандары Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендері бассейндеріндегі аса қауіпті көлдерді судан босату бойынша алдын-алу жұмыстарын бастады.
Биыл Алматы қаласының аймағында барлығы 51 мореналық көлдер анықталған, оның ішінде аса жарылу қаупін тудыратын 6-да биылғы жылы оларды судан босатуға арналған алдын-алу жұмыстары жүргізіледі.
Көлдерді судан босату үшін өнімділігі жоғары сорғылар мен қосымша сифонды құбырлар қолданылады. Эвакуациялық арналарды тереңдету, және монтаждау бойынша алдын алу жұмыстарын арнайы техника және Қазселденқорғау мамандары жүзеге асыруда
Сифон құбырлары мен қажетті материалдарды мұздық көлдерге жеткізу ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" авиацияның көмегімен жүзеге асырылды
Мореналық көлдердің жағдайларына бақылау «Қазселденқорғау» су бекеттері жүзеге асырады.
Селге қауіпті кезеңде мореналық көлдердің жағдайларына бақылау 20 су бекеттерімен, оның ішінде 9-ы жыл бойы жүргізуде.
Қазіргі таңда мореналық көлдердің толуы байқалуда, бірақ олардағы су деңгейі шектік белгілерге жеткен жоқ.
Сонымен қатар, сел қаупі мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің (АСМ) 31 станциясының көмегімен мореналық көлдерінің ахуал-жағдайды бағалауға және қазіргі уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды қашықтықтан бақылауға болады. Бұл жүйе сел қаупі бар кезеңдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауға мүмкіндік береді
Жалпы, маусым-қыркүйек айлары аралығында қаладағы сел ахуалы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және «Қазселденқорғау» мекемесінің ерекше бақылауында болады.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі