
Рудныйдағы балалардың терезелерден құлауы 3 жылдық статистикалық талдауы бойынша зардап шеккендердің жасы 1,5-тен 3 жасқа дейінгі аралықты құрайды . Олардың барлығы балабақшаларға бармаған бүлдіршіндер.
Балалардың терезеден құлауына байланысты балалар жарақаттануының алдын алу мақсатында Рудный қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері Рудный көпсалалы ауруханасының диагностикалық орталығымен келісімге келді. Енді медициналық мекеменің пациенттеріне балаларға жоспарлы екпе алған кезде үгіт материалдары таратылатын болады.
Бүгінгі таңда екпе салу кабинетінде жас аналар мен медицина қызметкерлеріне «Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады» атты 200-ге жуық жадынама табыс етілді, қысқаша нұсқаулық өткізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Құтқарушылар өздері ұйымдастырған профилактикалық жұмыс жазғы кезеңде балалар жарақатының санын барынша азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.
Қостанай облысының ТЖД
Рудный қ. ТЖ басқармасы