Құтқарушылар суда абай болуға кеңес береді

Құтқарушылар суда абай болуға кеңес береді

Шомылу маусымы қызу жүріп жатыр. Осы ыстық күндерде су қоймалары қостанайлықтар үшін сүйікті демалыс орнына айналуда. Олар ыстықтан қашып, қала шетіне  суға жақынырақ асығады.

Облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері осы уақытта олар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Таңертесімен қараңғы түскен уақытқа дейін құтқарушылар су айдындарындағы тәртіпті бақылайды. Қайықтармен патрульдеу жүргізіп, мұнарадан демалушыларды бақылайды. Көбінесе өз күштерін есептемеген және жағадан алыс жүзген адамдар судан шығарылады.

Жаз басталғалы ТЖД қызметкерлері полиция қызметімен, еріктілермен  бірлесіп, өзендер мен көлдер бойынша 3 мыңнан астам рейдтер мен патрульдеу өткізді, 8 мыңнан астам адамға нұсқау берді. Рейдтердің нәтижелері бойынша 165 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 966 мың теңгеге айыппұл салынды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен су айдындарының қауіпті учаскелерінде 405 "Шомылуға тыйым салынады"ескерту белгілері орнатылды. Халық арасында 26 мыңнан астам үгіт-насихат парақтары (парақшалар, жадынамалар) таратылды.

Шомылу кезеңінде ТЖ-ға ден қою үшін тұрақты дайындықта сүңгуір құралдары мен жабдықтары бар 72 құтқарушы, 8 бірлік автомобиль және құтқару техникасы, 15 бірлік жүзу құралымен бүкіл аймақ бойынша кезекшілік етеді.

Бүгінгі таңда 6 адам суда жүзудің құрбаны болды. Судағы жазатайым оқиғалардың көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болды.

Құтқарушылардың кеңестеріне қарамастан, адамдар әрдайым "жүзуге тыйым салынады" ескерту белгілеріне назар аудармайды. Көп адамдар мас күйде шомылады. Көбінесе адамдар жағажайда демалып, өз күштерін есептемей, қалтқылармен жүзеді. Дегенмен, құтқарушылар үшін басты мәселе - адамдар жиі батып кететін стихиялық шомылу орындары. Сондықтан ЖҚЖ мамандары, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп осы ыстық күндерде өңірдің су айдындары бойынша патрульдеуді жалғастыруда, ескерту белгілерін орнатып, демалушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Құтқарушылар азаматтарға абай болуды және рұқсат етілген жерде ғана шомылуды ұсынады.

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы