Шымкент қаласы ТЖД күннің ысуына байланысты жарияланған дауылды ескертуге сәйкес жазғы өрт қауіпті кезеңі мен шомылу маусымындағы сақтық шаралар бойынша брифинг өткізді.
Аталған брифинг ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында өткізіліп, бас спикер болып Мемлекеттік өрт бақылау басқарма бастығының орынбасары Әлібек Ысқақов және Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Мерей Келегулов сөз сөйледі.
Қаладағы өрт қауіпті жағдайы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндаған Әлібек Ысқақов 2023 жылдың 6 айында 83 өрт тіркелгенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға өскенін нақтылады. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 78% тұрғын үйлер
(39 өрт, жалпы өрт санынан 47%) мен көліктердегі (26 өрт, жалпы өрт санынан 32%) өрт оқиғалары құрағанын да атады.
Орын алған өрт және жану жағдайлар бойынша 208 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын, оның ішінде 174 ескерту, 34 тұлғаға жалпы сомасы 1 млн. 362 мың 750 теңге айыппұл салынғандығын спикер баяндады.
Алдағы уақытта қала аумағында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп сақаталатынына байланысты қала тұрғандарын қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Ыстық күндері қала тұрғындары мен қонақтары су айдандарына баратындағы сөзсіз. Осы орайда шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғаларды алдын алу шаралары туралы Мерей Келегулов баяндады.
Демалыс, мереке күндері күшейтілген түрде 160 рет профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізіліп 1485 адам түсіндірме жұмыстарымен қамтылды. Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу) бабы бойынша 6 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 5 тұлғаға 60 375 теңгеге, 440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 700 теңге айыппұл салынды.
Сонымен бірге спикер ТЖ департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2023 жылға тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 800-ден аса бала жүзуге үйретілетіндігін атап өтті.
Жазатайым оқиғаларды азайту, сондай-ақ шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бағытында Департамент жергілікті атқарушы органдарымен, волонтерлармен бірлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын өткізуді жалғастырады.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы