Бүгін, 2023 жылғы 14 шілдеде сағат 08.50-де Біржан сал ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы 1 100 гектарды құрады.
Жел екпінінің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы өртті сөндіруді қиындатты.
Құрғақ шөп өртін сөндіруге Ақмола облысы ТЖ департаменті мен жергілікті
атқарушы органдардан 75 адам және 15 адам жұмылдырылды.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі