
2023 жылдың 13 шілде күні сағат 11: 06-да өрт сөндіру қызметіне Батпаев орманшылығында түтін нүктесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу Абай облысы ТЖД, "Семей Орманы" және "Қазавиаалесоохрана" күштері шықты.
Келгеннен кейін орман жамылғысында қоқыс пен құрғақ шөптің жанып жатқаны анықталды.
Жану алаңы 0,3 гектарды құрады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сағат 12:17-де өрт оқшауланды.
Қазіргі уақытта аумақты сөндіру және қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сөндіруге барлығы 34 адам және 14 бірлік техника қатысып жатыр.