Ақмола облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртін сөндіруде

Ақмола облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртін сөндіруде

Ақмола облысында өрт қауіптілігінің бесінші өте жоғары дәрежесі аясында құрғақ шөп өртенді.

Өрт Біржан сал атындағы ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алды.

Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Жағдайға кешенді бағалау жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар өрт алдын ала ауданының 1 100 гектарды құрайтынын анықтады.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

­Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан орманды-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды сұрайды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД 

баспасөз қызметі