2023 жылғы 13 шілдеде сағат 6.00-де Күршім ауданында жер сілкінісі тіркелді, эпиорталығы Құйған ауылынан 20 км таулы жерде орналасқан, ошақтың тереңдігі 15 км.
Күршім ауданында қарқындылығы 2 балл болатын дүмпулер сезілді. Қирау туралы ақпарат түскен жоқ.
ШҚО ТЖД еске салады: алғашқы дүмпулерді сезінген сәттен бастап қауіпті ауытқуларға дейін сізде 15-20 секунд бар. Ғимараттан тез шығыңыз. Көшеде шыққаннан соң ашық кеңістікке, ғимараттардан, биік ағаштардан, электр желілерінен аулақ болыңыз. Егер сіз көлікте болсаңыз, ашық жерде болыңыз, бірақ тербеліс тоқтағанша көліктен шықпаңыз.
Егер сіз ғимараттан кетуге үлгермесеңіз, онда қалып, салыстырмалы түрде қауіпсіз орынға: ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға саңылауына немесе тіректерге барып тұрыңыз. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыныңыз-ол сізді құлап жатқан заттар мен қоқыстардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Егер балалармепн бірге болсаңыз, оларды өзіңіз қорғаңыз. Тербелістер аяқталғаннан кейін ғимараттан шығыңыз.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, ұялы телефоннан «112» бірыңғай нөмірін теру арқылы барлық шұғыл қызметтерді шақыруға болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі