Ер адамның аяғының сіңірі тартып суға батып кете жаздады

Ер адамның аяғының сіңірі тартып суға батып кете жаздады

Бүгін Зеренді ауданының жабайы жағажайында шомылу кезінде, Қарағанды қаласынан келген туристің аяғының сіңірі тартып қалды. Ер адам жағадан 20 метр қашықтықта болды. Сол уақытта жедел-құтқару жасағының құтқарушылары патрульдеу жұмыстарын жүргізген болатын. Құтқарушыларды көрген ер адам, оларды көмекке шақыра бастады. Қызметкерлер қайықпен жүзіп барып, ер адамды жағаға жеткізді. 

Ақмола облысының ТЖД рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу қажет екенін еске салады.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі