Өрт сөндірушілердің және жергілікті атқарушы органдардың жедел іс-әрекеттері мен уақытылы қабылданған шараларының нәтижесінде жанған құрғақ шөп толықтай сөндірілді.
Бүгін, 12 шілде күні сағат 09:00-де Сырым ауданының Тоғанас кентінде орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Өрт алаңы 7000 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге БҚО мен Ақтөбе облысы ТЖД, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің, ерікті өрт сөндіру жасағының және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 260-қа жуық адам мен 60-тан астам техника жұмылдырылды.
Еске салайық, соңғы күндері Батыс Қазақстан облысында 40-қа жуық құрғақ шөп өрті тіркелген болатын.
Облыс бойынша әр аудандардағы өрт ошақтарын сөндіру үшін барлығы 1000-ға жуық жеке құрам және 200-ден астам техника жұмылдырылды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі