Атырау облысында жанған қамыс өсімдіктерін сөндіру жалғасуда                                                                      

Атырау облысында жанған қамыс өсімдіктерін сөндіру жалғасуда                                                                      

Қазіргі уақытта жанған қамыс өсімдіктерін сөндіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде нақты бықсу ауданы 2 гектарға азайды.

ТЖМ авиациясының көмегімен бықсу ошақтарына әуеден су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Өрт басталғаннан бері барлығы 167 рет 500-ден астам тонна су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қамыс өсімдіктерінің жануын сөндіру үшін Атырау облысы ТЖД және «Ақжайық» МТР барлығы 80 адам мен 14 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі