Қонав қаласында "Үздік қарауыл" атты спорттық іс-шара өткізілді

Қонав қаласында "Үздік қарауыл" атты спорттық іс-шара өткізілді

2023 жылғы 10 шілдеде Қонаев қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде Астана күніне орай Қонаев қаласының бұқаралық-спорттық іс шараларды өткізу орталығының қолдауымен №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында "Үздік қарауыл" атты спорттық іс-шара өткізілді.

Жарысқа №1 өрт сөндіру бөлімінің 26 қызметкері қатысты. Турнир бес жаттығудан тұрды: оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл баспалдағымен көтерілу, оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне үш  иінді баспалдақпен көтерілу, көлденең жолақты тарту, арқан тарту, армрестлинг. Турнир қорытындысы бойынша қарауылдың атқарушы бастығы а/қ старшинасы Ж. Мұратқажыұлының басшылығымен Қонав қаласының №1 өрт сөндіру бөлімінің 1-қарауыл командасы жеңіске жетті. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубок, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Бұл іс-шара жеке құрамның моральдық, психологиялық және спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі