Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді

2023 жылдың 11 шілде күні Абай облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында БАҚ өкілдерінің, қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің және Абай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» РММ ЖҚЖ құтқарушыларының қатысуымен брифинг өтті.

Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:

  1. 2023 жылғы шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  2. 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңнің өтуі;

Брифинг барысында құтқарушылар 2023 жылдың жазғы кезеңінде рұқсат етілмеген шомылу орындарында суға батып кеткендердің статистикасы және олардың өлімінің негізгі себептері туралы айтып берді.

2023 жылдың 1 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысының су айдындарында 7 адам суға батып кетті, оның ішінде 1-уі бала.

Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өзіне деген сенімділіктің, өз күштері мен мүмкіндіктерін қате бағалаудың, судағы мінез-құлық ережелерін елемеудің, атап айтқанда тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылудың, мас күйінде болудың салдарынан болады.

Жаз мезгілінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖД қызметкерлері кең аумақты профилактикалық жұмыстар жүргізуде, атап айтқанда:

- облыс аумағында рұқсат етілмеген шомылу орындарында рейдтер мен патрульдер өткізу, әңгімелесулер өткізу және үгіт материалдарын тарату;

- білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша семинар - кеңес және интерактивті сабақтар өткізілді;

-күн сайын телевизиялық LED-экрандар арқылы шомылу кезеңінде қауіпсіздік ережелері және суға батып бара жатқан адамға алғашқы көмек көрсету туралы бейнероликтер таратылады, сондай-ақ БАҚ арқылы жазғы кезеңде қауіпсіздік шаралары жарияланады.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың өткізілуіне қарамастан, құтқарушылар қала тұрғындарын жазғы кезеңде демалу кезінде жауапкершілікке және қырағылыққа шақырады!

Бұдан әрі Департамент қызметкерлері тұрғын үйлер мен саяжай алаптарының жеке учаскелерінде құрғақ шөпті, қоқысты және қатты-тұрмыстық қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіре отырып, өрт қауіпті кезеңде жүргізілетін профилактикалық жұмыстарды жария етті.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидалары сақталмаған жағдайда, бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша "Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша 215 рейдтік іс-шара жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 35 адам рұқсат етілмеген жағу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, сабан жағу және өрт қауіпсіздігі ережелерін басқа да бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 2 млн.70 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Іс-шара қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі