Бұл туралы а.ж. 10 маусымда өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Қостанай облысы ТЖД АҚ басқармасының бастығы подполковник Ж. Асылбеков айтып берді.
«Көшеде ауа-райы ыстық, осыған байланысты су айдындарында демалушылардың белсенділігі байқалады. Өкінішке орай, демалушылар әрдайым құтқарушылардың кеңесіне құлақ аспайды. Біз халықпен жүргізіп жатқан түсіндіру шараларына қарамастан, кейбір азаматтар бұл ұсыныстарды елемейді. Биылғы жылдың 6-8 шілдесінде демалыс күндері су айдындарында қайғылы жағдайдың үш фактісі тіркелді», - деді подполковник Ж.Асылбеков.
Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде кешке Қаратомар су қоймасында шомылу кезінде Б. Майлин ауданындағы «Параллель» турбазасында мас күйінде болған 1968 жылы туған азамат суға батып кетті.
Б.Майлин ауданының аумағында тағы бір қайғылы оқиға а. ж. 7 шілдесінде түстен кейін Аят өзенінде болды. 1987 жылы туған ер адам шомылуға арналған жерде шомылу кезінде суға батып, тыйым салу белгілері мен шектеу қалтқыларынан ары қарай жүзіп кетті.
Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Тобыл қаласынан 2 шақырым қашықтықта 2000 жылы туған азамат Тобыл өзеніндегі жабдықталмаған жерде шомылу құрбаны болды.
Департамент өкілі мереке күндері ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен Жітіқара қаласынан 2,5 шақырым жерде Шортанды өзенінде 1977 жылы туған балықшыны құтқарды. Өзеннің ортасында балық аулау кезінде оның үрлемелі қайығы жыртылып кеткен. Құтқарушылар оны жағаға аман-есен жеткізді.
Өте ыстық күндері облыс тұрғындарын су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және оларды өз бетінше суға жібермеуге шақырамын», - деп ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы айтып өтті.
Ж. Асылбековтың айтуынша, судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі: жабдықталмаған және тыйым салынған учаскелерде шомылу, мас күйінде су айдындарына бару, өз күштерін жете бағаламау болып табылады.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы