БҚО 30 жану жойылды

БҚО 30 жану жойылды

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрекеттерімен 30 жану жойылды, қалған 8 жану Сырым, Теректі, Бөрлі және Казталов аудандарында бақылауда.

Айтиево кентіндегі жану оқшауланды. Жану алаңы 50 га.құрайды. Елді мекенге қауіп жоқ.
Өртті сөндіруге БҚО ТЖД, ЖЗҚ, "Қазавтотревел", ЖАО-ның шамамен 140 адам мен 30-дан астам техникасы бар күштер мен құралдар жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Новопавловка кентінде жану оқшауланды. Өрттің ауданы 25 га. Жергілікті жерде 50-ге жуық адам және 15 бірліктен астам ТЖД, ЖЗҚ, ЖАО және Қазавтотревел техникасы жұмыс істейді.


Жаңа Өмір кентінің маңындағы жану 20:13-те жойылды. Жану алаңы 17 га.құрайды. ТЖД, ЖАО, ЖЗҚ және орман шаруашылығы жеке құрамының 5 бірлік техникасы және 20-дан астам адам жұмылдырылды. Қосымша құрылыс және автожол басқармаларының 2 су тасығышы жұмылдырылды.

Казталов ауданының Болашақ кентінде құрғақ шөптің жануы орын алды. Алдын ала жану алаңы 4800 га.құрайды. Жергілікті жерде ТЖД, ЖАО шамамен 61 адам және 10 бірліктен астам техника жұмыс істейді.

Сондай-ақ Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылында құрғақ шөптің жануы орын алады. Жану алаңы анықталуда. ТЖД, ЖАО, ЖЗҚ, Ақсу кентіндегі "БСП" ЖШС НГПС, "Өрт сөндіруші" ЖШС НГПС, орман шаруашылығынан барлығы 70-ке жуық адам және 15 бірліктен астам техника жұмылдырылды.

Сырым ауданының Тоғанас кентінде құрғақ шөптің жануы орын алады. Жанудың алдын ала ауданы анықталуда. ТЖД, ЖАО, МӨҚҚ 40 адам мен 9 бірлік техника тұратын күштер мен құралдары жұмыс істейді.

ТЖ Департаментінің базасында жедел штаб ашылды, оның құрамында барлық коммуналдық қызметтер бар.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аймағында жақын уақытта ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.


Жану мен өрттің барлық фактілері ТЖД-ның ерекше бақылауында. Облыс бойынша өртті сөндіруге жеке құрамның 400-ге жуық адамы және 90-ға жуық техникасы жұмылдырылды.