Шомылу маусымындағы қауіпсіздік

Шомылу маусымындағы қауіпсіздік

Ақтөбе облысы ТЖД құтқарушылары күнделікті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері  туралы демалушылармен рейдтік түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

9 шілде күні профилактикалық рейд кезінде коммуналдық жағажайда төрт жасөспірім жалдамалы қайықпен аударылды. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары 4 жасөспірімге көмекке келіп, жағаға шығарды. Суға батып кету көбіне адамдардың өз өмірлеріне деген салғырттықтан болады. Көбіне адамдар ескертулерге қарамастан сақтық шараларын сақтамайды. Тиым салынған мен жабдықталмаған орындарда, мас күйде суға түседі, ата-аналар балаларды қараусыз қалдырады.

Суға шомылу маусымынан бастап 636 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 366 ескерту мен 270 айыппұл салынды.

Қазгидромет орталығының болжамы бойынша шілде айында ауа температурасы +40с дейін ыстық болуы күтілуде.

Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді!

егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
-суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы