Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері балаларды жүзуге тегін үйрету жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда өзін ұстай білудің негіздерін үйреніп келуде. Бұл іс-шараның мақсаты - жазғы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қазіргі таңда аквапарк иелерімен ынтымақтастық туралы 13 меморандумға қол қойылды. Осы іс-шара аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін жүзуді үйренуді шымкенттік құтқарушылар ат салысуда.
Қала орталығындағы «Фонтан» аквасаябақта 10-нан аса балаға құтқарушы-сүңгуірлер Талғат Тұрғынбаев пен Тоймұрат Қауымбаев суда жүзу дағдыларын үйретті. Құтқарушылар бірінші дағды - судан қорықпауды және дұрыс тыныс алуды алға тартып, суда өзін қалай ұстау керектігін білмейтін балаларға жүзудің негізгі әдістерін практикалық тұрғыдан көрсетті. Сабақта балалар нұсқаушыларды мұқият тыңдай отырып, судан қорқуды жеңіп, өздеріне қажетті өмірлік дағдыларды үйренді.
Шымкент ТЖД қоғаммен байланыс тобы