Қамыс өрті бойынша қосымша ақпарат

Қамыс өрті бойынша қосымша ақпарат

2023 жылғы 8 шілдеде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің ашық жалынымен белсенді тұтану алаңы 50 га. құрайды. 
Өртті сөндіру жұмыстары Атырау облысы ТЖД және "Ақ Жайық" МТР күштері мен құралдарымен жүзеге асырылуда.

Бүгін, өрт ошақтарын сөндіруді жүзеге асыру үшін Қызылорда қаласынан СТҚ-5 су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағын тартылуда.
Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде сағат 08:19-да өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден барлау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын.
Сондай-ақ, қамыс өртін сөндіруде аумақтың сулы-батпақты болуы қиындық туғызып жатырғанын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 38 қызметкері, 6 бірлік техникасы; "Ақ Жайық" МТР 28 қызметкері және 9 бірлік техникасы, 4 бірлік мотопомпасы жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы