2023 жылғы 8 шілдеде сағ.11-де Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде 20 га.аумақта таулы жерлерде өртенген шөп толығымен сөндірілді.
Өрттің орын алуы қол жетпейтін қиын аймақта болғандықтан, оны сөндіру үшін жаяу жұмыс істеуге тура келді. Сол себепті өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрттің тарап кетпеуі үшін әр өсіп кеткен соқпақтардан өтіп, жердің әр бөлігін қарап бақылап отырды.
Өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД, Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі