Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт туралы ақпарат

Іле-Балқаш резерватындағы табиғи өрт туралы ақпарат


2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде "Іле-Балқаш "МТР" РММ аумағында космомониторинг суреттерінің деректері бойынша қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерлері бар аралдарда қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауданы анықталуда.
Оқиға орнына келгеннен кейін 2 Кордон аумағында қамыстың жанғаны анықталды:
1) "Вагон" кордонында сағат 03:30-да қайық пен мотопомпаны пайдалана отырып, қабылданған шаралармен өрт оқшауланды (ауданы анықталуда);
2) Наурызбай қордонында (2 тоқсан, 1 телім) шамамен 20 га.алаңда 5 ошақта қамыстың жануы орын алды. Қабылданған шаралармен 2 ошақ жойылды.
"Іле-Балқаш "МТР" РММ және Алматы облысы ТЖД 22 адам мен 8 техника бірлігінің күшімен (олардың арасында
мотопомпалары, жүзу құралдары бар) өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қарой ауылының ең жақын елді мекені 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі