
2023 жылғы 7 шілдеде қатты жауын-шашынның салдарынан Павлодар қаласында ашық аумақты: жолдың жүретін бөлігін, көпқабатты тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларын су басты.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар электрмен жабдықтауды өшіру жағдайлары тіркелді. Коммуналдық қызметтердің авариялық бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі