2023 жылғы 6 шілдеде сағат 22.06-да «Ертіс орманы» резерватының аумағындағы құрғақ шөп пен орман өрті шамамен 13,37 гектар алаңда оқшауланды.
Еске сала кетейік, бүгін сағат 18.56-да Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МОТР» ММ (Галкин орманшылығы, №66, 67 орамдар) аумағында шамамен 10 га алаңда құрғақ шөп пен орман (қарағай, жас талдар) жанды.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ТЖ департаментінен 31 адам мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі