2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 га алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен «Қазәуеорманкүзеті» күштерімен сөндірілді.
Өрттің алдын - ала себебі-найзағай разряды.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі