Сағат 13.00-де 112 пультіне Тереңкөл ауданында Ертіс өзенінің жайылмасында аралдағы 3 ошақта құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Екі ошақтың ауданы 40 гектардан, үшіншісі 20 гектарды құрады.
Өртті сөндіруге М. Горьковский орманшылығынан 13 адам мен бір жүзу құралы, ТЖД 10 адам мен 3 бірлік техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 12 адам, бір жүзу құралы мен 1 бірлік жұмылдырылды.
Өрт сөндіру бригадалары өртті оқшаулау және жою бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауда. Өрттің таралуын болдырмау және қоршаған орта мен халыққа зиянын азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Өрт сағат 20.20-да оқшауланды. Сөндіру жұмыстары жалғастырылуда.
Өрт сөндірушілердің жұмысын 15 м/с дейінгі желдің екпіні қиындатуда. Алайда, елді мекенге қауіп жоқ.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі