Қарағандыда табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды

Қарағандыда табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды

2023 жылғы 5 шілдеде Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын пысықтау; практикалық дағдыларды жетілдіру; табиғи өрттерді сөндіруге тартылған күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және т.б. мақсаттарында өткізілді.

Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, табиғи өрттің пайда болуына әрекет ету үшін шартты жағдай әзірленді. Желді және құрғақ ауа райына байланысты өрт дала массивіне және іргелес жатқан тоғайлардың бөлек ағаштарына тез тарады. Орман шаруашылығы мен ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өртті сөндіру шараларын пысықтады.

Жергілікті полиция қызметі бейбіт тұрғындардың өртеніп жатқан аймаққа кіруіне жол бермеу үшін өрт ошақтарын қоршауды ұйымдастырды.

Өртті сөндіру бірнеше участкеде лафеттік мен қол өрт оқпандарын, қол астындағы құралдарың қолдану арқылы жүргізілді.

Біріккен әрекет арқасында шартты табиғи өрт жойылды. Өртенген жерлерді қосымша барлау және оларға су құю жұмыстары жүргізілді.

 Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қарағанды шаруашылығының орман және жануарлар дүниесін қорғау бөлімшелерінің және ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің 120-дан астам адамы мен 20 бірлік техникасы жұмылдырылды.

2023 жылдың басынан Қарағанды облысында 7 орман өрті және 32 дала жанулары тіркелді.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді, шыны сынықтарын лақтырмаңыз, сөнбеген отты қалдырмаңыз. Құрғақ, желді ауа райында, сондай-ақ шатырлар мен ағаш тәждерінің астында от жағуға болмайды.

 

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі